ШҚОҚоғамТОПШҚОЭкономика

ШҚО әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Семейге келді

Бүгін ШҚО әкімі Даниал Ахметов, соңғы екі жылда қала кәсіпкерлерінің Семейді дамыту бойынша облыстағы және қаладағы жергілікті атқарушы органдармен, салалық министрліктермен бірлескен жұмыстарының қорытындысын шығару үшін Семейге жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жыл басында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары алдына орта және ұзақ мерзімді кезеңге арналған нақты міндеттер қойды. Мемлекет басшысы «мемлекеттің басты мақсаты – қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру және әл-ауқатын қамтамасыз ету. Және бұл сөздер нақты істерге айналуы керек» деп атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомар Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Үкімет қаулысымен 2019 жылғы қазанда Семей қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді. Құжат әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту мәселелерін жүйелі түрде шешуге, экономиканың нақтылы секторына, жұмыспен қамтуға және халық табысының өсуіне бағытталған. Кешенді жоспарда 260,2 млрд теңге көлемінде барлық көздер есебінен қаржыландыра отырып 56 іс-шараны жүзеге асыру жоспарланған.

Республикалық бюджет – 98,5 млрд теңге (38%), жергілікті бюджет – 85,5 млрд теңге (33%), жеке қаржыландыру – 45,7 млрд теңге (18%), мемлекеттік-жеке серіктестік – 30,5 млрд теңге (11%).

Өңір басшысы бюджеттің басым бөлігі құрылысты дамытуға бағытталғанын айтып өтті.

  • Бүгін Қарағайлы ықшам ауданы қарқынды дамуда. Соңғы екі жылда бес жалдамалы және 15 несиелік үйлер пайдалануға берілді, жалпы құны 3,5 млрд теңгені құрайтын веложолы бар кварталішілік жолдар салынды, көше жарықтары орнатылды. Биылғы жылы 1200 орынға арналған заманауи мектеп құрылысы басталады. Сонымен қатар, коммерциялық құрылыс компанияларымен инфестиция көлемі 12,4 млрд теңгелік көпқабатты 20 тұрғын пайдалануға берілді. «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша өңірде жеке компаниялармен құны 2 млрд теңгені құрайтын бір қабатты 78 үй бой көтерді. Тұрғын үй секторы құрылысын қарқындату 2230 отбасының тұрғын үй мәселесін шешті. Айта кетейін, екі жылда 256 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған, іс жүзінде 400 шаршы метрден астам пайдалануға берілді, яғни 1,6 есеге артық. Инфрақұрылымдық сектормен 12 жобаны жүзеге асыруда, жоспар бойынша қарастырылған 4,2 млрд теңгенің орнына 5,5 млрд теңге жұмсалды. Осының бәрі Степной және Суық бұлақ кенттеріндегі тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Ұшақтар кентінде кварталішілік су құбыры желісі салынды. Су ресурстарының ластануын алдын алу үшін Ертіс өзені арқылы өтетін коммуникациялық дюкерге жөндеу жүргізілді, – деп хабарлады облыс әкімі.

Сонымен қатар, өңір басшысы, Семей – халықаралық және республикалық маңыздағы жолдар өтетін өңірдің маңызды көліктік-логистикалық және сауда торабы. Сондықтан жолдарды ретке келтіруге ерекше көңіл бөлінді.

Бұрын «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Семейдегі инфрақұрылымды дамыту бойынша Омск-Майқапшағай тасжолы учаскесіндегі жөндеу жұмыстары аяқталды, бұл транзитті жүктердің тасымалын арттырды. Көлік, жүк және жолаушылар тасымалы потенциалын дамыту үшін екі ірі жоба жүзеге асырылады. Бұл – Семей қаласын айналып өтетін 51 шақырымдық айналма жол және Ертіс өзені арқылы өтетін жүк көлік көпірін қайта қалпына келтіру. Өткен жылы айналма жолдың техника-экономикалық негіздемесі жасалды, жүк көпірін қайта құру жобасының сараптамасы алынды. Бұдан ары жобаны қаржыландыру салалық министрліктер арқылы жүзеге асырылады.

Қала көшелерінің жағдайын жақсарту бойынша ауқымды істер жасалды. Екі жыл ішінде жол желілерінің ағымдық жөндеу жұмыстарына жоспарланған 3 млрд теңге жоспарланған, 7,2 млрд теңге бөлінді, бұл 90 шақырымдағы жолдар мен көшелер нормативтік сәйкестікке келтіруге мүмкіндік берді. Өткен жылы 1,6 млрд теңгеге Джангельдин көшесінен Омск-Майқапшағай (2,7 шақырым) тасжолына қайта құру мерзімінде аяқталды. Сонымен қатар, республикалық бюджет есебінен 3,7 млрд теңгеге Семей-Қайнар 108 шақырымына орташа жөндеу жүргізілді. Жалпы алғанда республикалық маңыздағы және қала көшелеріндегі жолдарға 12,5 млрд теңге бағытталды, 200,7 шақырым жол жөнделді. Тұрғындарға қолайлы ортаны қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Екі жыл ішінде 3,7 млрд теңгеге 24 нысан аббаттандырылды. Олардың ішінде «Абай жолы» жаяу жүргіншілер аймағы, мешіт аумағын аббаттандыру, Абай атындағы алаңды қайта құру, Мәңгілік Ел көшесі аббаттандыру сынды ірі нысандар бар.

Осы бағыттардағы жұмыстар жалғасатын болады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button