ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс полицейлерімен жергілікті тұрғынның атыс қаруын заңсыз сақтауға қатыстылығы туралы ақпарат тексерілді.
“Тінту нәтижесінде 29 жастағы ер адамның гаражынан 16 калибрлі «ЗК» және «ИЖ» маркалы екі тегіс ұңғылы мылтық, сондай-ақ 5,6 мм калибрлі «Страж» моделінің сигналдық револьверінен тұратын қару-жарақ арсеналы табылды”, – делінген ведомство ақпаратында.
Қазір тәртіп сақшылары аталған азаматтың бұл қаруды қандай мақсатта сақтағанын анықтауда.
ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, сақтау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциясы 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Semeynews.kz