ҚоғамСемейТОП

Семей көшелерін орташа жөндеу үшін 300 млн теңге қажет

Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ерлан Уәлиев мәлім етті, деп хабарлайды Semeynews.kz.

–Өткен жылы республикалық маңызы бар РФ шекарасы (Омбыға)-Майқапшағай автожолы құрылысының жобасы бойынша техникалық – экономикалық негіздеме әзірленді. Оң сипаттағы қорытынды 2021 жылдың наурыз айында алынды. Бас жо балаушы-“Жол-көлік кешенінің басшы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты”ЖШС. ТЭН әзірлеу құны 55 млн теңгені құрады, – деді Ерлан Уәлиев.

Бас жоспарға сәйкес, ұзындығы 51,5 км айналма жол қаланың батыс жағында қарастырылған. Онда 6 жол айрығы, 3 көпір және 2 жол өтпесі орналасады. Құрылыс құны 82 млрд теңгені құрайды. Құрылыс бойынша техникалық-экономикалық негіздеме ЖСҚ-ны одан әрі әзірлеу үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне жіберілді.

Кездесуде жер үсті өткелінің құрылысы туралы да айтылды.

– Жобаланған жаяу жүргіншілер көпірінің ұзындығы 58 метрді құрайды. Жоба құны – 133,215 млн теңге. Қазіргі уақытта ақшалай қаражат бөлу талап етіледі. Сондай-ақ, Өскемен көшесін (Чайжунусов көшесінен 6 линия көшесіне дейін) күрделі жөндеу жоспарлануда. Жол учаскесінің ұзындығы 2 км құрайды. Оның құны – 1122,6 млн теңге. Байқау ағымдағы жылдың 30 наурызында аяқталады, – деп түйіндеді Ерлан Уәлиев.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button