ҚоғамСемейТОП

Дем алуға мүмкін емес: Семей тұрғындары автобустардағы газ иісіне шағымдануда

Семей тұрғындары автобус ішіндегі газ иісіне шағымдануда, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Аймақтық коммуникациялар қызметінде Семей қаласының жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің өкілдерімен баспасөз-конференция өтті. Жекелей алғанда, журналистер шенеуліктерге қаламыздың 5 маршруты бойынша қызмет көрсететін ПАЗ маркалы автобустың ішінде қатты газ иісі шығатынын жеткізді.

“Олар газ отынын пайдаланады. Салон ішінде дем алу мүлдем мүмкін емес. Бұл қаншалықты қауіпсіз және қолайлы?“, – деген сауал қойды БАҚ өкілдері.

“Техникалық қауіпсіздікке келетін болсақ. Әр тасымалдаушының автобустардың техникалық жағдайына күнделікті бақылау жүргізіп отыратын өз механиктері бар. Олардың рұқсатынсыз автобустар желіге шығарылмайды. Салондағы газ иісіне келетін болсақ, бұл сәтті мен есепке алайын және тасымалдаушылармен сөйлесемін”, – деп уәде берді Семей қ. жолаушылар тасымалы және автомомбиль жолдары бөлімінің жолаушылар тасымалы секторының меңгерушісі Назым Жанболатова.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button