ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО мектептерінің біріне бомба қойылды

Алтай ауданы ПБ қызметкерлерімен жедел жүргізілген тексеру барысында аталған ақпарат расталмады, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 28 қаңтарда Алтай ауданы ПБ Алтай қаласындағы мектептердің біріне жарылғыш зат қойылды деген хабарлама келіп түскен.

“Мектепке жарылғыш зат қойылды деген ақпарат келісімен, аудандық полицейлер дереу оқиға орнына келіп жетті. Тексеру барысында жарылғыш зат туралы ақпарат расталмады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 273-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды, қатысты тұлғаларды іздеу шаралары жүргізілуде”, – делінген ведомство ақпаратында.

Сонымен қатар баспасөз қызметінде ҚР ҚІК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайтындығы айтылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button