ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО тұрғыны үйінде есірткі сақтаған

Үйінде есірткі сақтаған риддерлік тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың қаңтар айының ортасында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында Риддер қ. ПБ полиция қызметкерлері  тұрғын үйінің подъезінде есірткі сақтады деген күдікпен 31 жастағы жергілікті тұрғын ұстады.

“Оның пәтерін кідіріссіз тінту барысында жуыну бөлмесінен екі пластик бөтелке, темекі шегуге арналған құрылғылар және қоңыр түсті қатпарлы металл ыдыс табылып тәркіленді. Сондай-ақ, ас үй жиһазының раковинасы астынан пластикалық бөтелкенің қиындысы табылды, оның ішінде қоңыр-жасыл түсті өсімдік тектес зат бар шүберек материал  алынды. Оның ерекше иісі бар, сонымен қатар қонақ бөлмедегі сөреде қоңыр-жасыл түсті, өзіне тән иісімен өсімдік заты бар полимерлі орама табылып алынды.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы – 28,47 грамм «кептірілген марихуана» есірткі құралы болып табылады.

Бүгінгі күні қаскөйге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат бұлтартпай шарасы таңдалды”, – делінген баспасөз хабарламасында.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі – «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, осы баптың санкциясы бойынша 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу көзделген.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button