Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-баспасөз-конференциясында Семей қаласының ТКШ басшысы Амантай Өтелбаев айтып берді.
- Өткен жылы қазандықтарды, жылу жүйесін және гидравликаны қалпына келтіру жұмыстарына 1 млрд 140 млн теңге бөлінді. Жұмыстар мерзімінде орындалды. «Теплокоммунэнерго» мекемесінің балансындағы барлық жылу көздері және жылу жүйелері штатты режімде жұмыс істеп тұр, отын запасы жеткілікті. Сумен жабдықтауға тоқталсақ, өткен жылы Суық бұлақ кенті су құбырына қосылды. 600-ге жуық абонент қосылды. Блокты-модульді стансалар орнатылған бірқатар ауылдық мекендер бар. «Менің аулам» бағдарламасы шеңберінде үш аулаға қайта құру жүргізілді. 150 млн теңге қаражат бөлінді. Жұмыс биыл да жалғасада. Сонымен қатар 186 маршрутты көшелер жарықпен қамтылды. Бұрын жарық болған көшелерде шамдар светодиотқа ауыстырылды. Қаланың шеткі аудандарында қосымша жұмыстар жүргізілді. Жұмыс жалғасатын болады, – деп мәлімдеді Амантай Өтелбаев.
Биылғы жылы, Еуропа жаңғыру және даму банкімен ынтымақтастық шеңберінде 100 көшені жарықтандыру жоспарлануда. Ғаббасов және Орталық қазандықтарын қайта құру жұмыстары жалғасады. Бүгінгі күні бюджеттік сұраным берілді, қаржыландыру мәселесі шешілуде. Жақын уақытта конкурс өткізу жоспарлануда.
- Оң жағалауды жылумен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін 35-квартал, 103 және 103Ф қазандықтарына ЖСҚ аламыз. Сонымен қатар, екі жағалаудағы жылу жүйелерін ауыстыру жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, тарифті торға сәйкес, «Теплокоммунэнерго» алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын жүргізетін болады. 10 жылда көптеген мәселелер, сонымен қатар сумен жабдықтау мәселелері шешілді. Жұмыстар жалғасатын болады. 2025 жылға қарай қаланың және жақын маңдағы аудандардың сумен қамтамасыз етілуі 100% құрайды. Шығыс, Березовский, Бобровка кенттерінде атқарылатын жұмыстар көп. ЖСҚ және Восход және Водный кенттеріндегі магистралды желінің сараптамасы қабылдау сатысында. Жұмыс жалғасады. Сондай-ақ «Менің аулам» бағдарламасы жалғасады, 14-ке жуық ауланы аббаттандыруды жоспарлаудамыз. Бұл мақсатқа 500 млн теңге көзделген. Қаржыландыру бекітілді, конкурсқа дайындық жүргізілуде. Басты назар қаланың шеткі аудандарына аударылады, ол жерлерде шағын архитектуралар және спорттық алаңдар орнатылады. Көшені жарықтандыруға келсек, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, қаланың шет аудандарындағы 100 көшені жарықтандыру жоспарлануда, – деп қорытындылады Амантай Өтелбаев.
Semeynews.kz