ШҚОҚоғамТОПШҚО

ШҚО-дағы қоқыстағы иттердің денесі туралы оқиға жалғасын тапты

Шығыс Қазақстан полициясы аталған факті бойынша тексеру жүргізді және иттердің денесі белгіленген тәртіп бойынша жерленбегенін анықтады, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметі берген ақпарат бойынша, 27 қаңтарда Бородулиха ауданы тұрғындарының бірнеше рет жазған арыздары негізінде ветеринария қызметінің қызметкерлерімен 35 қаңғыбас иттерді ату жүргізілген. Өлтірілген иттердің денелері жерлеу үшін мал қорымдарының аумағына шығарылған, алайда белгіленген тәртіп бойынша жерленген жоқ. 

“Осыған байланысты 31 қаңтарда Шығыс Қазақстан облыстық ветеринария басқармасына Бородулиха аудандық ветеринария қызметіне қатысты орын алған кемшілікті жою үшін тиісті қаулы жолданды”, – деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

Бұған дейін Бородулиха ауылының маңындағы қоқысқа 30-дан астам өлтірілген иттердің денесі тасталғанын хабарлаған болатынбыз.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button