ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО-да заңсыз ағаш кескендер ұсталды

300 мың теңгеден астам залал келтірілді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың қаңтар айының басында Бесқарағай АПБ кезекші бөліміне «Семей Орманы» ММ директорынан орман күзетінің қызметкерлерімен орман алқабын патрульдеу барысында ағаштардың заңсыз кесілгені туралы өтініш келіп түсті.

Талқылау барысында көлемі 56,5 текше метр 112 дана «қарағай», сондай-ақ көлемі 0,3 текше метр 25 дана «көктерек» кесілгені анықталды, жалпы залал шамамен 350 000 теңгені құрады.

“Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктілерді анықтап, ұстады. Олар Семей қаласының 40 жастағы тұрғыны және Бесқарағай ауданының 43, 46, 30, 51 жастағы тұрғындары болып шықты, олардан трактор, тіркеме және кесілген ағаштардың бөренелері алынды.

Бүгінгі күні оларға қатысты келу туралы міндеттеме түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды”, – делінген ведомство хабарламасында.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 340 – бабы 3-бөлігі бойынша-ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясымен 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу көзделген.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button