ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен тәуілікте облыс аумағында 4 өрт оқиғасы болған.
Бірінші оқиға Первомайский кентіндегі Целинная көшесі бойындағы жеке тұрғын үйде орын алды. Үйдің шатыры және жабынның ағаш құрылымдары өртенді. Құтқарушылармен 20 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Өрт шығуының алдын ала себебі – жылыту пештерін орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.
Екінші оқиға Белоусовка кентінде тіркелді. Красноармейская көшесіндегі жер үйдің ауласындағы моншаның қаптамасы, шатырдың ағаш конструкциялары, сондай-ақ моншамен бір блокта салынған шаруашылық құрылысының ағаш конструкциялары өртенді. Құтқарушылар жалпы ауданы 25 шаршы метр өртті сөндірді. Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт талаптарының сақталмауы.
Үшінші оқиға Үржар ауданының Мақаншы ауылында болды. Сапаров көшесіндегі 2 қабатты 4 пәтерлі тұрғын үйдің жапсарлас қоймасындағы макулатура, жеке заттар және жалпы алаңы 8 шаршы метрді құрайтын төбе жабындысының ағаш құрылымдары өртенді. Өрттің алдын ала себебі – отты абайсыз қолдану.
Төртыншы оқиға Семей қаласында орын алды. Қайым Мұхамедханов көшесінде жеке тұрғын үйдің ауласындағы шаруашылық құрылыстың шатыры өртенді. Өрттің жалпы ауданы – 96 шаршы метр. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығу себебі – отты абайсыз қолдану.
Semeynews.kz