ҚоғамСемейТОП

Семейде 2021 жылы 3 мыңға жуық адам жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді

Семей қаласы әкімдігінің отырысында, 2021 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған міндеттер қаралды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

2021 жылдың қорытындысы бойынша, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталды.

2021 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 315,6 млрд.теңгеге жетті, бұл 2020 жылғы деңгейден 53 млрд. теңгеге (262,5 млрд. теңге) жоғары. Нақты көлем индексі – 105,4% – ға орындалды. Семейдің облыстық көлемдегі үлесі 11,1% – ды құрады.

Өңдеу өнеркәсібінің көлемі – 261,4 млрд.теңгені құрап, 24,2% – ға өсті (2020 жылы-210,5 млрд. теңге). Нақты көлем индексі  -108%.

Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында, 2021 жылы инвестиция көлемі – 9,1 млрд.теңге болатын мультикультураларды қайта өңдеу бойынша автоматтандырылған кешен енгізілді. 240 жұмыс орны құрылды.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 28,7% – ға артып, 52,4 млрд.теңгені құрады (2020 жылы – 40,7 млрд. теңге). Өсімдік өсіру шаруашылығындағы өндіріс 36,5% – ға, мал шаруашылығындағы өндіріс 21,6% – ға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.

2021 жылы қала экономикасына – 110,7 млрд.теңге немесе 2020 жылғы деңгейге 107,6% (102,9 млрд. теңге) инвестиция салынды. Нақты көлем индексі – 103.4 %.

Қаржыландыру көздері бойынша инвестициялар құрылымында кәсіпорындардың өз қаражаты 58,8% – ды (65,1 млрд.теңге), бюджет қаражаты – 41,2% – ды (45,6 млрд. теңге) құрайды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 57,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы деңгейден 12,8% – ға немесе 6.5 млрд.теңгеге артық (2020 жылы-50,7 млрд. теңге). Нақты көлем индексі –  108.6% орындалды.

101,8% өсу қарқынымен 202,2 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді (2020 жылы – 198,6 мың ш. м.).

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6,8% өсіммен 22,8 мың бірлікті құрады, оның ішінде заңды тұлғалар саны – 3 227, жеке кәсіпкерлер – 18 789, шаруа қожалықтары – 801.

2021 жылы «Бизнестің жол картасы-2025» шеңберінде 13,7 млрд.теңге сомасына 606 жоба субсидияланды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,2% – ға артық (565 жоба).

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек»  бағдарламасы аясында 104 жобаға қолдау көрсетілді.  950,1 млн.теңге сомасына кредиттер берілді.

Өңірлік деңгейде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен бірлесіп кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын жеңілдікпен қаржыландыру бағдарламасы іске асырылуда. Оның шеңберінде 578,1 млн.теңгеге 43 жоба қаржыландырылды.

Бөлшек тауар айналымының көлемі-9,9% өсіммен 282,1 млрд. теңгені құрады (2020 жылы – 256,8 млрд.теңге), Нақты көлем индексі -101,5%.

2020 жылы тіркелген жұмыссыздық деңгейі – 5,3 % (2021 жылғы статистикалық есептілік 2022 жылы сәуір айында қалыптастырылады), 2021 жылғы 3 – тоқсанда ШҚО бойынша-4,8% құрады.

3 990 адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде, 2 100 тұрақты жұмыс орны және 1 887 уақытша жұмыс орны.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» дағдарысқа қарсы қабылданған шаралар шеңберінде, Суық бұлақ кентіндегі су құбыры желілерін қайта құру және кеңейту бойынша жоба енгізілді.

Қалған 3 жобаны іске қосу мерзімі (Степной кентінде 300 орындық мектеп салу, өзен жағасын нығайту, № 3 аудандық қазандықты қайта жаңарту) 2022 жылға ауыстырылды. 336 жұмыс орны құрылды.

3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен қамту 100 %, 1-6 жас – 98,2% құрады.

Қалада 60 балабақша (оның ішінде 45 жекеменшік, 15 мемлекеттік), мектептер жанындағы 21 шағын орталық жұмыс істейді.

Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне кезекте 5,0 мың бала тұр, оның ішінде 1-ден 3 жасқа дейінгі-1,9 мың бала.

Жұмыс істеп тұрған балабақшаларда 12 ерте даму тобы ашылды, қосымша 300 орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылды.

«N Canon» жобалау компаниясы Восход кентінде 140 орындық балабақша құрылысы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуде. Сараптаманы ағымдағы жылдың наурыз айының соңында алу жоспарлануда.

Бобровка кентіндегі 320 орындық балабақша бойынша жобаны ағымдағы жылдың ақпан айында алу жоспарлануда. Сараптама қорытындысын алудың болжамды мерзімі-2022 жылдың сәуір айы.

Денсаулық сақтау саласындағы  бастапқы деректер бойынша, туберкулезбен сырқаттану көрсеткіштерінің 11% – ға төмендегені байқалады (2020 жылы – 10 мың тұрғынға-36, 2021 жылы-10 мың тұрғынға-32). Сонымен қатар, осы аурудан өлім – жітімнің 25% – ға өсуі байқалады (2020 жылы-10 мың халыққа-2.3, 2021 жылы-10 мың халыққа-2.9).

2021 жылы 5 ана өлімі (2020 жылы – 1 жағдай), 48 сәби өлімі (2020 жылы – 44 жағдай) тіркелді.

Қатерлі ісікпен сырқаттанушылықтың 13,2% – ға өсуі байқалады (2020 жылы 10 мың адамға – 244.7, 2021 жылы 10 мың адамға – 277,1). Осы сырқаттанудан болатын өлім-жітімнің өсуі 2% құрады (2020 жылы 10 мың адамға-129,4, 2021 жылы 10 мың адамға-132).

Есепті жылы көлік инфрақұрылымы саласында 37,4 км автомобиль жолдары орташа жөндеумен қамтылды. Ұзындығы 56 км 88 көшені құм-қиыршық тас қоспасымен грейдерлеу жұмыстары жүргізілді, 106 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 12 оң жақ бұрылыс абаттандырылды.

Қарағайлы тұрғын ауданында 3,4 км кварталішілік өтпе жолдардың құрылысы аяқталды.

2022 жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында екі ауылға, оның ішінде Мұқыр ауылы – 3 км және Мұрат ауылы – 5,5 км кіреберіс жолдарды орташа жөндеу жоспарлануда.

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында дербес бөлімдер:

– қосымша резервтерді іздестіру жолымен әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша, жоспар-тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету;

– 2021 жылдың қорытындысы бойынша, Шығыс Қазақстан облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторларына;

– Семей қаласының 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша алдын-алу шараларын қабылдау;

– Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары іс-шараларының уақтылы іске асырылуын бақылау;

– 2022 жылдың қорытындысы бойынша, рейтингтік бағалау көрсеткіштерін жақсарту.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button