ҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейде жол-көлік оқиғасы болды

Құтқарушылар көлікте қысылып қалған әйелді алып шықты, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, жол-көлік оқиғасы 30 қаңтарда Селевин және Бозтаев көшелерінің қиылысында орын алған. Hyundai және Toyota Cаrina көліктері соқтығысқан. Көліктердің бірінде әйел адам қысылып қалған.

“Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар гидравликалық құралдардың көмегімен Hyundai көлігінде қыстырылып қалған 1971 жылғы әйелді алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды”, – делінген ведомство ақпаратында.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button