Облыс басшысының айтуынша, қашықтықтан оқыту аптасы балалар арасында науқастанудың көп орын алуына байланысты жасалған шара. Мысалға, тек Семейдің өзінде 37 оқушының науқастану жағдайы тіркелген.
– Егер оқыту дәстүрлі форматта жүргізілгенде, осы сан айтарлықтай артар еді. Қашықтықтан оқытуға көшіру балалар арасында өршуін тоқтатты және біздің балаларымыздың денсаулықтарын сақтап қалды, – деді Даниал Ахметов.
Сонымен қатар өңір басшысы Pfizer вакцинасымен 12 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды вакцинациялау жүргізілуіне байланысты ауырудың таралуы азайғанын айтып өтті.
Жалпы Шығыс Қазақстан облысы бойынша ревакцинациялау қарқыны жақсы. Тек кешегі күннің өзінде 9 мыңнан астам адам вакцинацияланды. 1 ақпанға дейін 238 мың өңір тұрғындарын ревакцинациялау жоспарлануда.
Облыс әкімінің мәліметіне сүйенсек, облыстағы төсек-орын қорының жүктемесі 17%. Стационарлы емделуде 251 науқас емделуде. Бүгінгі күні ауырудың 449 жағдайы тіркелді және күн сайын бұл көрсеткіш азаюда. Бұл, өңірде шектеу шараларын ақырындап шешуге көп септігін тигізеді, қазіргі уақытта шектеулер шағын және орта бизнес саласында жеңілдетілді.
Semeynews.kz