ШҚО полицейлері өңір аумағында тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстарды анықтау мен заңсыздықтың жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасын жүргізуде. 19-26 қаңтар аралығында тәртіп сақшылары бірқатар құқықбұзушылықты тіркеді.
«Жол ережесін бұзып, айыппұлын төлемеген 150 жүргізушінің көлігі ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес арнайы тұраққа қойылды. Айыппұлдың жалпы сомасы – 5 310 477 теңгені құрайды. Жалпы тексерулер нәтижелері бойынша барлығы 5961 әкімшілік материал толтырылды», – деді облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Талғат Нұриев.
Айта кетейік, «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы ерекше өкімге дейін жалғасады.
Semeynews.kz