Covid-19ҚоғамСемейТОП

ШҚО-да балаларды вакцинациялау жалғасуда

Жалпы алғанда бүгінгі таңда облыста 368 602 бала бар, олардан 114 922 бала вакцинациялауға жатады. Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысында 85 640 бала вакцинацияланды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте Семей медициналық университетінің балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғарғы санаттағы дәрігер Имдат Эфендиев айтып берді.

  • Пандемия басталғаннан бері Шығыс Қазақстанда 5 084 бала короновируспен ауырды, олардың 80% симптомсыз, қалғандары жеңіл және орташа формада өтті. Ауыр жағдайлар аз болды және олар негізінен қатар жүрген ауырулармен болды. 1 қаңтардан бастап балалардың науқастануы өсуде. Осы уақыт аралығында Семейдегі стационарлардан 70 бала сауығып шықты, 17 бала емделуде. Көбінде үш жасқа дейінгі балалар ауыруда. Сонымен қатар стационарда емделіп жатқан балалардың ішінде вакцинация алған балалар жоқ. Бұл вакцинаның шын мәнінде көмектесетінін көрсетеді. Бізде балаларды Pfizer вакцинасымен вакцинациялануда. 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар ата-анасының жазбаша рұқсатынан кейін вакцинацияланады, – дейп айтты Имдат Эфендиев.

Короновирусты ЖРВИ-дан ажырату мүмкін емес. Симптомдары ұқсас: дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, тәбеттің болмауы, мұрын бітелуі, жөтел, жүрек айнуы және сұйық нәжіс. Қалай болса да, мамандардың ақпараты бойынша балалар тез сауығып кетеді. Терапиядан кейін екі-үш күн ішінде балалар өздерін жақсы сезініп кетеді. Содан кейін амбулторлы емделуге жіберіледі. Сондай-ақ балалардың ересектерге қарағанда вакцинацияны жеңіл өткеретіні байқалуда. Мамандардың айтуларынша, вакцина алған балалардың ешқайсысында жанама әсерлер байқалмаған.

  • Вакцинацияны балалар ересектерге қарағанда жеңіл өткереді. Оларда иммунитет тез қалыптасады. Сондай-ақ балаларға да ревакцинациядан өту қажет. Ол ағзаны вирустан қорғауға көмектеседі. Бүгінгі таңда бұл КВИ-ға қарсы қорғанудың жалғыз жолы. Вакцинация және ревакцинация алдында балалар дәрігер қарауынан өтеді, тек содан кейін ғана екпе алуға жіберіледі. Вакцина алу алдында, есінен танып қалмаулары үшін балалар міндетті түрде тамақтанулары керек. Аш қарында вакцинация алу ұсынылмайды. Біз көптеген балаларға вакцинация қойдық, бірде-біреуінде жанама әсерлер болған жоқ. Сондықтан вакцинациядан қорқудың және фейк ақпараттарға сенудің қажеті жоқ, – деп қорытындылады Имдат Эфендиев.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button