Қаламызда 3 ірі кәсіпорын қантты тұтынушыларға көтерме баға бойынша жеткізеді: ЖК Ермекова Ж.К. (қант орталығы), «Ақ сұңқар» ЖШС және «Спутник» МТ ЖШС.
Қазақстандық қант зауыттарының өнімдерінен басқа, ресейлік және белорустық қант сатылады.
«Қант орталығы» күніне 6 тонна қантты жөнелтеді. Сонымен қатар, күнделікті 2 тонна қантты сатады.
«Спутник» МТ ЖШС-де күнделікті 5-6 тонна қантты жөнелтеді.
«Ақ сұңқар» ЖШС Чехов көшесі, 19 мекен-жайында орналасқан фирмалық дүкенде қанттың көтерме саудасын жүргізеді.
Көтерме саудагерлердің үстеме бағасы 5-6% құрайды.
Қанттың орташа көтерме бағасы – 345 тг/кг. Күнделікті жүргізілетін мониторингке сәйкес, сауда кәсіпорындарындағы қанттың орташа бағасы 380 теңгені құрайды.
Тұз «Аралтұз» АҚ (Қызылорда облысы), «Асылтұз» ЖШС (Шымкент) және Ресей өндірушілері арқылы қамтамасыз етіледі.
Өндірушілердің орташа сату бағасы-46 тг/кг, көтерме бағасы – 53 тг/кг, бөлшек сауда бағасы-60-65 тг/кг.
Қырыққабат Өзбекстаннан жеткізіледі. Көкөністерге, оның ішінде қырыққабатқа көтерме саудагерлердің үстеме бағасы 10% – дан аспайды. Орташа бөлшек сауда бағасы-320 тг/кг.
Бағаларды тұрақтандыру мақсатында, Семей әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық – түлік тауарларына төменгі сауда үстемесін қолдану бойынша, қаланың сауда кәсіпорындарымен 439 меморандум жасасты. Ол 10%-дан артық болмауы қажет.
2021 жылдың қаңтар айында құрамында қалалық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, кәсіпкерлер палатасының өкілдері бар мониторингтік топ құрылды. Бағаларға мониторинг жүргізу кестесі әзірленіп, тексерілетін аудандар анықталды. Егер 2021 жылы бөлшек сауда дүкендерінде 520 мониторинг жүргізілсе, ағымдағы жылдың қаңтар айында ғана, 100-ге жуық бөлшек сауда кәсіпорындарына мониторинг жүргізілді.
Мониторинг 1 – сұрыпты ұннан жасалған нанға арналған сауда үстемесінің 5 теңгені немесе 5%, сүт өнімдеріне (сүт, айран, сүзбе) сауда үстемесінің 7-8%, қалған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына-10-15% – дан аспайтынын көрсетті.
Семей қаласы үшін өңірлік тұрақтандыру қорына 3100 тоннаға жеміс және көкөніс өнімдері сатып алынды. Оның ішінде: картоп-1500 тонна, қырыққабат-450 тонна, сәбіз-400 тонна, пияз – 750 тоннаны құрайды.
Тұрақтандыру қорының жеміс және көкөніс өнімдері «Ертіс» ӘКК» АҚ – ның 10 сауда павильонында, сондай-ақ 20 бөлшек сауда кәсіпорнында сауда үстеме бағасыз – 82 тг/кг үшін (картоп, пияз, қырыққабат, сәбіз) сатылады.
2022 жылғы 21 қаңтардағы тексеріс нәтижесінде, тұрақтандыру қорында қалған жемістер мен көкеністер: картоп – 370 тоннаны; қырыққабат – 92 тоннаны, сәбіз – 34 тоннаны, пияз-112 тоннаны құрайды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тетігі аясында, «Ертіс» Әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ сауда павильондарында азық – түлік өнімдері белгіленген бағамен сатылады: қант – 305 тг/кг, макарон өнімдері – 200 тг/кг, жұмыртқа 1 санат – 33 тг данасы үшін, күріш-235 тг/кг, күнбағыс майы-630 тг/литрі.
«Ертіс» ӘКК» АҚ «Крупнофф» ЖШС бакалея өнімдерін және 1 санаттағы жұмыртқаларды – «Семейкус» ЖШС-нен жеткізу үшін шарт жасасты.
«Әлеуметтік» нан пісіруге арналған наубайханаларға 130 тг/кг баға бойынша, бірінші сұрыпты ұн сатылады. Тұрақтандыру қорына «Ай-Ар» ЖШС-нен 1 сұрыпты 200 тонна ұн сатып алынды.
«Ертіс» ӘКК» АҚ тұрақтандыру қорының өнімдерін сату туралы меморандумдарды қала дүкендерімен тікелей жасасады.
Семей қаласының әкімдігіне қала тұрғындарынан тұрақтандыру қорының дұрыс қызмет көрсетпеуі туралы жазбаша және телефон арқылы өтініштер келіп түсуде. Тексеру барысында, өнімнің көлемі мен уақыты бойынша жеткізу кестесі жиі бұзылатындығы, дүкендердің өтінімдері уақтылы орындалмайтындығы, көлік жетіспеушілігі белгілі болды. Сондай-ақ, сапасы төмен тауарларды жеткізу жағдайларыда әсерін тигізді.
Семей қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 9 қыркүйектегі № 1908 және 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 1958 қаулыларымен «Ертіс» ӘКК» АҚ тұрақтандыру қорының өнімін өткізу үшін павильондар орнатуға 9 жер телімін уақытша өтеусіз пайдалануға құқығын берді.
Қазіргі таңда, «Ертіс» ӘКК» АҚ сауда павильондарын жалға алу құқығына аукциондар өткізген жоқ.
Семей қаласында тұрақтандыру қорының өнімдерін жүзеге асырудағы негізгі проблемалар бойынша, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е.Нұрбаевтың атына қызметтік жазба жіберілді.
2021 жылы «Jolaman» Көтерме-тарату орталығының құрылысы» жобасы іске асырылды. КТО құрудың негізгі мақсаты – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін, картоп пен көкөністерді өндірушіден делдалсыз сақтау және қала тұрғындарына сату.
Апта сайын «Северный» КЛО және “Jolaman” КТО ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі. Онда жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жеңілдікпен жалдау мөлшерлемесі бойынша, 40 сауда орны ұсынылады. Өнім нарық бағасынан 10-15% төмен сатылады. «Северный» КЛО мен “Jolaman” КТО-да жәрмеңкелер жұмадан жексенбіге дейін өткізіледі.
Кеңейтілген аппараттық кеңесте, Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов кәсіпкерлік бөліміне жергілікті өндірушілермен жұмысты күшейтуді тапсырды.
«Семей кәсіпкерлері 19 әлеуметтік маңызы бар өнімнің 11-ін өндіреді. Бір апта ішінде олармен өнімнің бағасын белгілеу бойынша жұмыс жүргізу қажет. Әрбір әлеуметтік маңызы бар өнімді өндіру және тұтыну бойынша талдау жүргізу керек. Өндірушіге қосымша ақы төлеу фактісін анықтау мақсатында, әрбір қосымша ақы тізбегін анықтау керек», – деді Бақытжан Байахметов.
Қала әкімі кәсіпкерлік бөліміне «Ертіс» ӘКК» арқылы азық-түлік бойынша есептерді, олардың қажетті санын дайындауды тапсырды. Ал, жер қатынастары бөліміне қажет болған жағдайда жаңа сауда нүктелеріне жер учаскелерін беру бойынша ұсыныстарды қарауды және дайындауды тапсырды.
Сондай-ақ, тұрғындарды әлеуметтік дүкендер мен павильондардың орналасқан жерлері туралы кеңінен және белсенді түрде хабардар ету керектігі туралы айтылды.
Semeynews.kz