Өскемен қ. ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 23 қаңтарында “102” жедел арнасына әйел адам хабарласып, Славский атындағы жағалауда тұрғанын және оған көмек көрсетуін сұраған.
“Оқиға орнына кідірткісіз Ертіс бөлімінің жедел тобы жіберілді. Полицейлер оқиға оррнына келгенде әйел мұздың үстінде болған. Полицейлермен көмек көрсетілді. Әйел адамның денсаулығы жақсы, дәрігерлер көмегіне жүгінуден бас тартты”, – деп түсіндірді баспасөз қызметінде.
Анықталғандай, әйел адам 32 жаста, оның айтуынша, жағалаудағы мейрамханалардың бірінен шығып, жағалаумен серуендегісі келген, мұздың үстіне шығып, одан ары қозғалуға қорқып полицияға хабарласқан.
Ведомствода атап өткендей барлық патрульдік көліктер қажетті жабдықтармен жабдықталған. Стандартты құралдардан бөлек полицейлерде құтқару шеңбері, жилеттер және арқандар бар.
Semeynews.kz