
Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Талдықорған тасжолында Сарқан ауданына жақын жерде 23 қаңтар күні түскі уақытта болған.
“Алматы-Өскемен тасжолының 466-шақырымында солтүстік бағытта келе жатқан Lexus көлігінің 43 жастағы жүргізушісі Лепсі өзеніндегі көпірде көлік тізгінін басқара алмай, аударылып кеткен. Жол апаты салдарынан жол талғамайтын көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – деп хабарлады Алматы облысы бойынша ПД баспасөз қызметі.
Semeynews.kz