ҚоғамСемейТОП

Семей биологиялық орталығы жаңа жыртқышпен толықтырылды (ВИДЕО)

Семейдегі биологиялық орталығы қиыр шығыс леопардымен толықты, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қызыл Кітапқа енген жыртқыш Оңтүстік Қазақстаннан әкелінді. Лорд атты леопард алты жаста. Жыртқышты қысқы ғимараттағы арнайы қоршауға орналастырылды. Атап өтейік, жыртқышты биологиялық орталыққа “ЭЙКОС” компаниясы сыйға тартты. Бүгіндері қиыр шығыс леопарды өте сирек кездеседі және ерекше қорғалады.

  • Таза қанды қиыр шығыс леопарды – бұл өте сирек кездесетін жыртқыш. Қазіргі уақытта табиғатта бар болғаны 60-қа жуық өкілдері бар. Олар әлемнің әр жеріндегі хайуанаттар бағында өсірілуде. Бұл жануарларды өсірудің қиындығы – олар жақсы бірікпейді және жұптар жасамайды. Оның үстіне төлдердің өлімі де жоғары. Жалпы, табиғатта олардың шағын мекендеу ортасы бар. Олар Қытайдың және Ресейдің шекараларында кездеседі. Қазақстанда да қиыр шығыс леопарды байқалған, бірақта ол бір жолғы болды, – деп айтып өтті биологиялық орталықтың биология бөлімінің меңгерушісі Дарья Вощакина.

Лорд Оңтүстік Қазақстаннан екі туәлік жол жүріп, биологиялық орталыққа бүгін таңертең келді.

  • Леопардты күніне екі рет тамақтандырамыз. Бізге дейін ол екі күн жол жүріп келді, өзін жақсы сезінуде. Орталық ұжымы атынан осындай сыйлық сыйлаған “ЭЙКОС” компаниясына алғысымды білдіремін, – деді биологиялық орталықтың директоры Сейсен Масалимов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button