ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін түнде Семейде Сәтпаев көшесі бойындағы көпқабатты үйлердің бірінде өрт болған. Құтқарушылар оқиға орнына дереу жетті. Үйдің 4-қабатынан бастап 9-қабатына дейінгі электр қалқаншасының кабельдері өртенген. Үйдің кіреберісі қатты түтінденген.
“Ештеңе сезбеген пәтер иелері бұл уақытта ұйқыда болған. Өрт сөндірушілер барлық пәтерлерді аралап, тұрғындарды сыртқа алып шықты. Үйдің жоғарғы қабатынан 17 адам құтқарылды, олардың 7-і бала. Үйдің төменгі қабатындағы пәтерлерден 40 адам эвакуацияланды, олардың 3-і бала. Құтқарылған тұрғындар “Вахта” көлігіне орналастырылды. Түнгі сағат 02:00 шамасында өрт толықтай сөндірілді, тұрғындар үйлеріне оралды. Өрт сөндіруге 25 адам және 6 бірліктегі техника жұмылдырылды.”, – делінген хабарламада.
Өрттің шығу себебі алдын ала болжам бойынша – отты абайсызда пайдалану және электр қондырғылардың авариялық жағдайы.
Semeynews.kz