ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2021 жылдың желтоқсан айының соңында Алтай ауданының полиция қызметкерлеріне Жаңа Бұқтырма кентінің 45 жастағы тұрғыны есірткі заттарын заңсыз дайындаумен айналысатыны туралы жедел ақпарат келіп түскен.
Тексеру барысында ақпарат расталды. Аталған ер адамның үйінің аумағында орналасқан қораны тінту барысында қоңыр түсті сұйықтығы бар шприц алынды.
“Сараптама қорытындысына сәйкес алынған заттың ішіндегісі «экстракциялық апиын» есірткі құралының ерітіндісі болып табылады. Экстракциялық апиынның құрғақ қалдығының салмағы 3,0 мл., сұйықтық – 0,0387 грамм құрайды”, – делінген ақпаратта.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК – нің 296-бабының 2-бөлігі-есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, өңдеу, сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясымен 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түріндегі жаза көзделген.
Semeynews.kz