Covid-19ШҚОҚоғамТОПШҚО

ШҚО-дағы мектептердің барлығы және кәсіпорындардағы жұмысшылардың 70 пайызы “қашықтыққа” ауыстырылады

Шығыс Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты жаңа шектеу шаралары қойылды. Бұл туралы облыстық ақпараттық орталығында өткен баспасөз-конференциясында ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастығы Ғалымбек Алин айтып өтті, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Спикердің сөзіне қарағанда мемлекеттік органдарда, ұлттық компанияларда, кәсіпорындарда, тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық қызметтерін есептемегенде, COVID-19 қарсы вакцинацияланғандарына қарамастан, қызмет атқаратын персоналдардың 70 пайызын қашықтықтан  жұмыс істеу формасына жіберу қажет.

  • Әлеуметтік қатынастарды шектеу және ғимараттарда толтырылымдарды азайту инфекцияның таралу қаупін төмендетеді. Көбінесе инфекцияның таралуы жабық, дұрыс желдетілмейтін ғимараттардағы жоғары байланыс аймақтарында орын алуда, – деп атап өтті Ғалымбек Айлин.

Осыған байланысты барлық мектептерде, 9-11 сынып оқушыларын қоспағанда қалған сыныптар қашықтықтан оқыту форматына көшірілді. Ал вакцинацияның толық курсын алған 9-11 сынып оқушылары оффлайн жүйесінде білім алады. Сыныпта бір оқушы COVID-19 науқастанған жағдайда, сынып толықтай үй карантиніне жіберіледі, карантин мерзімі 14 күн.

Жоғарғы оқу орны және колледж студенттері аралас оқыту форматында білім алады: барлық лекциялар – онлайн форматында жүргізіледі, практикалық, зертханалық сабақтар икемді кесте бойынша, ал семинар сабақтары – дәстүрлі форматта өтеді.

  • COVID-19, соның ішінде «омикрон» штаммы инфекциясы қаупін азайтудың бірден бір жалғыз жолы вакцинациялау, сонымен қатар барлық шектеу талаптарын сақтау. Осы шаралардың әрқайсысы бір-бірінсіз еш нәтиже бермейді, алайда екеуін бірдей сақтаған жағдайда инфекцияның таралуын анағұрлым азайтады, – деп қорытындылады Ғалымбек Айлин.

Semeynews.kz

 

Осы айдарда

Back to top button