ҚазақстанҚоғамТағайындауларТОП

Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы қызметінен босатылды

Павлодар облысы полиция департаменті бастығының міндетін Жасқайрат Қайыров атқарып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Нұрлан Мырзаханұлы Мәсімов Павлодар облысының полиция департаментінің бастығы қызметінен босатылды. Ол өзі қызметтен босату жөнінде рапорт берген», – деп хабарлады облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, Павлодар облысы ІІД бастығының міндетін полиция полковнигі Жасқайрат Иманбекұлы Қайыров атқарып отыр.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button