ҚоғамСемейТОП

Семейде оң жағалау тұрғындары сусыз қалды

Сумен жабдықтау жүйесінде орын алған авариядан тұрғындардың пәтерлері де суып кетті, деп хабарлайды Semeynews.kz.

«Теплокоммунэнерго» МҚК атап өткендей, сумен қамтамасыз ету жүйесінде орын алған авариядан тұрғын үйлердегі жылу параметрлеріде төмендеді.

«Бүгін, 2022 жылғы 17 қаңтарда «Семей Водоканал» МҚК оң жағалауында авария орын алды. Осыған байланысты біздің жылу көздері сусыз қалды, бұл жылу параметрінің төмендеуіне әкеп соқтырды. Қазіргі уақытта «Семей Водоканал» МҚК аварияны жою бойынша жұмыстар жүргізуде. Абоненттерге түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген жылумен қамтамасыз ету ұйымының хабарламасында.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button