ҚазақстанҚоғамТағайындауларТОП

Тағы екі өңірде ҰҚКД басшылары тағайындалды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай, Қызылорда облыстары және Байқоңыр қаласы бойынша департаменттерінің жаңа басшылары тағайындалды. Ақпаратты ҰҚК баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Semeynews.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

ҰҚК-ның Қостанай облысы бойынша департаментін Дуанбаев Айбар Аманбекұлы басқарады.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментін Қалмұрзаев Болат Аюбайұлы басқаратын болды.

Бұған дейін Алмас Наймантаев Алматы облысы бойынша ҰҚКД басшысы, ал Нұрлан Кәрібжанов Жамбыл облысы бойынша ҰҚКД басшысы болып тағайындалғаны хабарланған болатын.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button