ҚазақстанТОП

Мәсімов пен бірқатар тұлғаға қатысты билікті күшпен басып алу әрекеттері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы К.Қ.Мәсімовке қатысты мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда

Осы істің шеңберінде билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер фактілері бойынша қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен К.Мәсімовтен басқа ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары – «А» арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы А.Садықұлов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Д. Ерғожин ұсталды. Тергеу жалғасуда.

https://www.inform.kz/kz/masimov-pen-birkatar-tulgaga-katysty-bilikti-kushpen-basyp-alu-areketteri-boyynsha-sotka-deyingi-tergeu-bastaldy_a3885286

Осы айдарда

Back to top button