Covid-19ШҚОҚоғамНАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАРТОПШҚО

ШҚО тұрғындарына Жаңа жылды тек отбасымен қарсы алу ұсынылды

Шығыс Қазақстан облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарды Жаңа жылды тек отбасымен қарсы алуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, вакцинация, науқастар мен байланыста болған адамдарды оқшаулау және шектеу шараларын сақтаудың арқасында өңір бойынша CОVІD-19 инфекциясын жұқтырғандар азайып келеді.

Осы жылдың 8 қарашасынан бастап эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес облыс тұрақты түрде «жасыл аймақта» тұр.

«Десе де Оңтүстік Африкада коронавирустың жаңа штаммы – «омикрон» анықталғаны белгілі. Ол көптеген елдерге таралып кетті. ДДҰ зерттеулері көрсеткендей, жаңа штамм қауіпті және «дельта» нұсқасына қарағанда тез жұғады. Әлемдегі тұрақсыз жағдайға байланысты жұртшылықты Жаңа жылды отбасы ортасында атап өтуге шақырамыз. Үлкен іс-шараларды өткізуден бас тартып, карантин талаптарын қатаң сақтаған жөн», – делінген ақпаратта.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button