ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың желтоқсан айының басында Өскемен қаласы ПБ Үлбі ПБ кезекші бөліміне алаяқтықтың құрбаны болған облыс орталығының 18 жастағы тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленушінің айтуынша, сол күні түнгі уақытта интимдік қызмет көрсетемін деп, оның пәтеріне келген 25-30 жасар қыз 11 000 теңге сомасындағы ақша қаражатын алдау жолымен иемденген.
Полиция қызметкерлері дереу іздеу жұмыстарына кіріске. Осылайша, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасаған күдіктіні анықтап, ұстады. Жауап алу барысында ол 33 жастағы еш жерде жұмыс істемейтін қала тұрғыны болып шықты.
Іс жүргізу барысында әйел өз кінәсін мойындады.
Қазіргі уақытта қаскөйге қатысты келу міндеттемесі түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті кінәлі деп танылған жағдайда, оған 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.
Semeynews.kz