ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ағымдағы жылдың желтоқсан айының басында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Бородулиха АПБ полиция қызметкерлері Зенковка ауылының 36 жастағы тұрғынының қаруды заңсыз сақтау фактісін анықтады, одан тінту кезінде оның тұрғын үйінің аумағындағы қорасында банкада 12 калибрлі 2 патрон және оқпаны мен оқ атқышы кесілген екі ұңғылы мылтық табылды және тәркіленді.
- Сараптама қорытындысына сәйкес бұл мылтық 12 калибрлі «ZAUR» маркалы екі ұңғылы тегіс ұңғылы аңшылық мылтығының кесіндісі болып табылады. Атыс қаруы оқ атуға жарамды.
«ІІМ» базасы бойынша тексеру кезінде қару қылмыстық қару ретінде есепте тұрмағаны, сондай – ақ аталған қару арнайы базада тіркелмегені анықталды, – деді баспасөз қызметінде.
Қаскөй мылтықтың марқұм атасынан қалғанын түсіндіріп, өз кінәсін мойындады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясымен 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.
Semeynews.kz