ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО полицейлері нашақор-ұрыны ұстады

Глубокое аудандық полицейлерімен нашақор-ұры ұсталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында Глубокое АПБ кезекші бөліміне облыс орталығының 49 жастағы тұрғыны жүгінді, ол 2021 жылдың 4 желтоқсанында белгісіз тұлғалар дүкеннің сөресінде тұрған, оның қымбат смартфонын ұрлағанын хабарлаған. Осылайша жәбірленушіге 145 000 теңге көлемінде шығын келтірілді.
Жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде учаскелік полиция инспекторлары осы ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен Опытное поле ауылының 37 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.
7 желтоқсанда дәл осы азамат есірткіні заңсыз сақтағаны үшін ұсталды.
Ер адамның пәтерін кідіріссіз тінту кезінде ас үй бөлмесінде құрамында қоңыр-жасыл түсті, ерекше иісі бар полиэтилен пакет табылғаны анықталды.
Сараптама қорытындысына сәйкес алынған зат салмағы 3,48 гр «кептірілген марихуана» екенін көрсетті.
Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 3-бөлігі «Ұрлық» және 296-бабы 2-бөлігі «Есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button