ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға түнгі уақытта Риддер қаласындағы дүкендердің бірінің алдында болған.
- Оқиға сағат 00:50 шамасында Риддерде Абай даңғылы бойында орналасқан «Исток» дүкені жанында орын алды. 18 жастағы Mitsubishi көлігінің жүргізушісі 19 жастағы жаяу жүргіншіні қақты. Жаяу жүргінші алған дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданады, – делінген баспасөз қызметінің ақпаратында.
Semeynews.kz