ҚоғамҚылмысСемейТОП

Семейде пойызда зорлауға оқталу дерегі бойынша іс тіркелді

Әлеуметтік желілерде Семейдегі пойыздардың бірінде әйелді зорлауға оқталу дерегі бойынша ақпарат пайда болды. Полиция тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Semeynews.kz Tengrinews.kz тілшісі.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факт Семей станциясында тіркелгенін хабарлады. ҚР Қылмыстың кодексінің 24-бабының 3-бөлігі және 120-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұл іс бойынша басқа ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесінде жария етілмеуге тиіс.

Еске салайық, Қазақстанда әйелдер вагондары енгізілді. Инновацияның себептерінің бірі – қастандық жасау ықтималдығын жою.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button