ШҚОҚоғамМерекеТОПШҚО

ШҚО: Облыс орталығында жаңажылдық бас шыршаның шамдары жанды

Өскеменде жаңажылдық бас шыршаның шамдары жанды, деп хабарлайды Semeynews.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, жыл сайынғы қалыптасқан дәстүр бойынша «Республика» алаңына орнатылатын шырша шамдары жағылды.

«Өскеменде жаңажылдық безендіру бойынша жұмыстар аяқталуға шақ қалды. Сондай-ақ Арбат, Комендантка және 19-шы ықшам ауданында интерактивті шыршалар орнатылған», – деп жазды шаһар басшысы Жақсылық Омар Facebook парақшасында.

Бүгінде қалада 6 мұз айдыны ашылған. Олар «Алтай» және «Титан» стадиондарында, Сол жағалау және Самал саябақтарында, Коменданткада мен Комсомол аралында орналасқан.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button