ШҚОМәдениетҚоғамТОПШҚО

Шығыс Қазақстанда бірегей археология музейі ашылады

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында бірегей археология музей ашу жоспарлануда, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бестерек ауылында бой көтеретін жаңа музейдің құрылыс жұмыстары аяқталу алдында. Аталған елді мекен кездейсоқ таңдалған жоқ. Бұл жерде атақты қазақстандық археолог Зейнолла Самашев дүниеге келген.

«Археология саласында сенсациялық жаңалықтар ашқан Зейнолла Самашев Берел қорғандарынан, Елеке сазы жайлауынан және Ақбауыр шатқалынан табылған бірегей олжалармен көпке танымал. Ол Шығыс Қазақстандағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының дамуына зор үлес қосып келеді. Осы сирек жәдігерлермен қалың жұртшылықты таныстыру үшін музей салу туралы шешім қабылданған», – деді Ұлан ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев.

Сондай-ақ бұл археология музейі ғалымдардың семинарлар мен кездесулер өткізетін, ғылыми жұмыстарын ұсынатын орынға айналмақ.

Музей құрылысына биыл 170 миллион теңге қаражат бөлінген.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button