ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың желтоқсан айының басында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде Көкпекті АПБ полиция қызметкерлері Көкпекті ауылының 46 жастағы тұрғынының есірткіні заңсыз сақтау фактісін анықтады. Жедел тінту жүргізу барысында үйден ерекше иісі бар өсімдік тектес зат оралған 6 қағаз түйіншек табылды, сондай-ақ гараждан дәл осындай заты бар шыны банка мен полиэтилен пакет табылды.
Сараптама қорытындысы жалпы салмағы – 195,46 грамм, марихуана, 4,44 грамм өсімдік тектес «кептірілген марихуана» заты екенін көрсетті.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК – нің 296-бабының 2-бөлігі- «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы 40 тәулікке дейін қамауға алуды көздейді.
Semeynews.kz