ШҚО ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында Семей қаласының Әуезов ПБ «102» жедел арнасына Семей қаласының маңында орналасқан ауылдық округтің 48 жастағы тұрғыны жүгініп, 2021 жылдың маусым айының соңында ауылдың шетіндегі еркін жайылып жүрген 8 айлық қара-ала бұзауды белгісіз тұлғалар жасырын ұрлап кеткенін хабарлаған. Мал иесі шығын сомасын 250 000 теңгеге бағалады.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 44 жастағы ауыл тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті малды сойып, етін сатып жіберген.
«Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты «кепілге босату» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, ҚР ҚК-нің 188-1 – бабы-мал ұрлығы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», – делінген ақпаратта.
Күдікті кінәлі деп танылған жағдайда, оған 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.
Semeynews.kz