ШҚОҚоғамТОПШҚО

ШҚО тұрғынынан 2,5 млн теңге алимент өндірілді

Балаларына алимент төлеуден жалтарған борышкер анықталды, қарызы толық көлемде төленді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Өскемен қаласы ПБ көші-қон қызметіне жеке сот орындаушысынан өзінің кәмелетке толмаған төрт баласына 2 500 000 теңгеден астам қарыз болған,  алимент төлеуден жалтарған 50 жастағы азаматқа іздеу жариялау туралы қаулысы келіп түсті. Борышкер белгісіз себептермен төлем жасамай қашып жүрген екен.

  • Іздестіру іс-шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері қысқа мерзімде Өскемен қаласында алимент төлемеушінің орналасқан жерін анықтады. Іздеудегі азамат алимент бойынша қарызын полицейлер тапқан күні толық көлемде төледі,- деді ведомствода.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері алимент төлемеген 350-ден астам адамды анықтады.
Көші-қон қызметі атқарушылық құжатты орындамағаны үшін заңда әкімшілік (ҚР ӘҚБК-нің 669-бабы) және қылмыстық жауапкершілік (ҚР ҚК-нің 139-бабы) көзделгенін ескертеді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button