ҚоғамҚылмысСемейТОП

Семей полицейлері есірткі сатушыны ұстады

Семейде есірткі заттарын өткізумен айналысқан 41 жастағы қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қ. ПБ баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” жедел профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында, ағымдағы жылдың 11 желтоқсанында Семей қаласының аумағында “кептірілген марихуана” есірткі құралдарын өткізумен айналысқан 41 жастағы қала тұрғынын анықтады.

“Аталған азаматқа тиесілі автокөлік құралын кідіріссіз тінту барысында жалпы салмағы 516 грамм “кептірілген марихуана” заты табылып, тәркіленді. Аталған азамат қамауға алынды, ҚР ҚК – нің 297-бабы 2-бөлігі “ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз өткізу” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, осы бап бойынша 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген”, – деді баспасөз хабарламасында.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button