ҚоғамСемейТОП

Семейде биылғы жылы көпқабатты 15 тұрғын үй пайдалануға берілді

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 157,1 мың шаршы метр, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов мәлімдеді.

  • Жалпы, қала бойынша 328 мың шаршы метр алаңдағы көпқабатты 65 тұрғын үй тұрғызылуда. Биылғы жылы 66,6 мың шаршы метр алаңдағы 15 тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның 8-і несиелік, 7-і коммерциялық үйлер. Жыл соңына дейін тағы 11 үйді пайдалануға беру жоспарлануда, жалпы алаңы – 58,8 мың шаршы метр. «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы шеңберінде жеке инвесторлар есебінен 53 жеке тұрғын үй бой көтерді, жалпы алаңы – 6,8 мың шаршы метр, жыл соңына дейін 4,9 мың шаршы метрді құрайтын тағы 20 жеке тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда, – деп мәлімдеді Бақытжан Байахметов.

Алдағы жылы жалпы алаңы 204,5 мың шаршы метрдегі көпқабатты 39 үйдің құрылысы аяқталады. Олардың 20-ы несиелі үйлер (жалпы алаңы – 106,2 мың шаршы метр), 2-і сатып алу құқығынсыз жалданбалы үйлер (10,5 мың шаршы метр) және 17 коммерциялық үйлер (87,8 мың шаршы метр).

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button