ҚоғамСемейТОП
Семейде инфроқұрылымды дамытудың 2025 жылға арналған жоспары шеңберінде ірі инвестициялық жобалар іске асырылмақ
Олардың бірі – жүк тасымалы көпірі, жобаның құны – 33,2 млрд теңге және екіншісі – Семей қаласын айналып өту жолы, 82,3 млрд теңге, жалпы инвестиция көлемі – 115,5 млрд теңге, деп хабарлайды Semeynews.kz.
Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов мәлімдеді.
- Былтырғы жылы техникалық-экономикалық негіздемеге облыстық бюджеттен 55,2 млн теңге бөлінген. Тапсырыс беруші – ШҚО автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы басқармасы. Жоба одан ары жүзеге асыру мақсатында Индустрия және инфроқұрылымдық министрлігіне жолданды. Ұзындығы 51,5 шақырымды құрайтын айналма жол, қаланың батыс бағытында қарастырылған, жол құрылысы 2 техникалық санатта, екі бағытта, 6 көліктік байланыс, 3 көпір және 2 жол өткелі болады, – деп хабарлады Бақытжан Байахметов.
Сонымен қатар, мемлекеттік-жеке серіктестік шеңберінде 5,2 млрд теңгеге «Сергек» бейнебақылау жүйесін енгізу жоспарлануда. 1 391 бейнебақылау камералары қаланың 40 қиылысына және 74 желілік учаскеге, сондай-ақ 687 камера халық көп жиналатын орындарға, әлеуметтік нысандарға, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына орнатылмақ.
Semeynews.kz