Марапаттау он номинация бойынша өтті. Ұйымдастырушылардың айтуларынша, биылғы жылы жеңімпаздар он номинация бойынша, мысалға, «Үздік студент», «Үздік журналист» және «Үздік отбасы» тағы да басқа номинациялар бойынша марапатталды.
- Іс-шара қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен өтуде. Оның мақсаты – биылғы жылы түрлі салаларда үздік нәтиже көрсеткен жастар өкілдерін марапаттау. Биылғы жылы қала әкімінің сыйлығына 50 сұраным түсті. Жеңімпаздар дауыс беру арқылы, комиссия шешімімен анықталды, – деді Семей қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Олжас Соғымбай.
Сонымен қатар қатысушылардың өздері де шараның маңызды екенін айтып өтті. Бұл жастарды жаңа жетістіктерге ұмтылуларына ынталандырады.
- Мен Қазақстан колледждері студенттерінің ТОП-100-гі қатарына кірдім. Бұл байқауға елімізден 500 мың студент қатысты. Әр өңірден 10 студент ұсынылды, жалпы 100 студент іріктеліп алынды. Дауыс беру әлеуметтік желілері арқылы жүргізілді, – деді көлік колледжінің студенті Ризат Мұратов.
Жеңімпаздар ақшалай сыйлықпен марапатталды. Марапаттарды қала әкімі Бақытжан Байахметовтың өзі табыстады.
Келесі номинациялар бойынша марапатталғандар:
«Жылдың үздік студенті» – Сәулетбекова Іңкәр
«Жылдың үздік волонтері» – Жаманқұлова Талшын
«Жылдың үздік жатақханасы» – М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің жатақханасы. Жатақхана төрайымы – Базарова Аяжан
«Жылдың жас журналисті» – Ермеков Елдар Ерболұлы
«Жылдың үздік ұйым» – «Жастар Семей»
«Жылдың жас дәрігері» – Рақымғазиева Ақерке Серікқызы
«Жылдың жас әскери қызметкері» – Бошанов Бексұлтан Болатбекұлы
«Жылдың жас спортшы» – Нұралинов Дәурен Болатович
«Жылдың жас дарыны» – Жеңісқазин Айбек
«Жылдың жас отбасысы» – Мүбәрәковтар отбасы.
Semeynews.kz