ҚоғамСемейТОП

Семейде екінші ауысымдағы 0-9 сыныптар қашықтықтан оқиды

Семейде екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқитын болды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Семейде 20 желтоқсанда ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда көктайғаққа байланысты екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары онлайн форматта оқитын болды.

«Таңертең қаладағы 9 сыныпқа дейінгі оқушылар сабақты қашықтан оқыған. Сондай-ақ көктайғақ салдарынан Курчатов қаласындағы 0-11 сынып оқушылары да мектепке бармады», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button