ҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейде жаяу жүргіншілер жолағында жасөспірімді көлік қақты

Семейде 16 жасар жасөспірімді көлік қақты, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2021 жылғы 13 желтоқсанда сағат 19:03 шамасында Әуезов даңғылы бойында 42 жастағы жүргізуші басқарған HYUNDAI көлігі реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолағында 16 жастағы жасөспірімді қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жасөспірім түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жатқызылды. Аталған факті бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалды, нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button