ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, соңғы тәулікте облыс аумағында екі көлік өрт орын алған.
Бірінші оқиға Аягөз ауданында болды, бұл жерде 2003 жылы шығарылған Тойота Хайлендер көлігінде қозғалыс барысында қозғалтқыш бөлігінде өрт шыққан. Өрт аумағы 2 шаршы метр алаңды құрады. Өрттің шығу себебі, алдын ала болжам бойынша – қауіптілігі жоғары құрылғыны абайсызда ұстау.
Екінші Бородулиха ауданында болды. Жеке тұрғын үй ауласында орналасқан шаруашылық құрылыстың ағаш бөліктері өртенген, сонымен қатар гараж ішінде тұрған Kia Cerato көлігі өртенген. Құтқарушылармен 80 шаршы метр алаңдағы тілсіз жау құрықталды.
Айта кетейік, жыл басынан бастап өңірде 160 көлік өрті болды, жалпы шығын 32 млн 508 мың теңгені құрады.
Semeynews.kz