Көлемді іс-шара, қатысушылардың айтуларынша, әрқайсына күшті мотивация болды. Кішкентай ауылдар мен кенттерден шыққан қарапайым әйелдердің жетістіктерімен рухтанған аруларымыз өз бизнес-идеяларын, жобаларын жүзеге асыруда.
Статистикаға сәйкес, өңір халқының 40 пайызы ауылды жерлерде тұрады, дегенмен, ұйымдастырушылардың айтуларынша, әйелдердің әлеуетін ашу өте маңызды, олардың ауыл аумақтарын дамытудағы рөлін күшейту және көрсету керек. Бүгінде Шығыс Қазақстан шынында гендерлік теңдік идеяларын ілгерілетуде көшбасшы болып табылады. Іс-шара барысында шалғай ауылдардағы әйелдер өздерінің жетістікке жету тарихымен, өздері тап болған өмірдің қиын жағдайлары туралы, қол қусырып отырмай, ал керісінше алға жылжып, қиындықтардан өтіп, бизнестің жоғарғы шыңдарына шығулары туралы айтып өтті. Қатонқарағай ауданынан шыққан Зүлфия Ерқасымованың тарихы шабыттандырады. Ол өндірісте екі аяғынан айырылып, асхана меңгерушісі болып, белсенді өмір салтын кешуде.
Шығыс өңірінде ару жандарымыз 3500 жуық шағын және орта бизнес субъектілерін басқарады. Олар шаруа қожалықтар мен ірі өндірістік кәсіпорындарда рульге отырып, мемлекеттік қызметтерде карьера жасап, экология және қоршаған орта мәселелерімен, адам құқықтарын қорғаумен айналысуда. Міне сондықтан форумның атауы – әлеуметтік жауапкершілік, тең құқық және тең мүмкіндіктер саясаты деп аталды. Қазіргі уақытта өңірдің дамуына әйелдердің қосқан үлестерін ешкім бағаламауы мүмкін емес. Мәселе экономика саласында емес, әлеуметтік салада, Шығыс Қазақстанда өз балаларын патриоттыққа, өскелең ұрпаққа өнеге болатын етіп тәрбиелеп келе жатқан көпбалалы аналар саны көп. Мүмкіндіктері шектелген әйелдерімізде табанды еңбек етуде. Олар аса зор батылдықпен барлық қиындықтардан өтіп, белдері қайыспай, күш-жігерлерін және өмірге деген сүйіспеншілікті көрсетуде.
Шығыс Қазақстандағы әйелдер форумы өз алаңында әр мамандықтағы бизнес-аруларымыздың басын қосты. Осындай форумдар дәстүрге айналуы тиіс дейді қатысушылар.
Semeynews.kz