ҚоғамСемейТОП

Семейде бөтелкелесі үй иесін соққыға жыққан

Семейде бірге ішімдік ішіп, соңынан соққыға жығылған үй иесі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың қараша айының соңында Семей қ. ПБ-ға 50 жастағы қала тұрғыны ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері «ізін суытпай» зардап шегушінің 37 жастағы танысын ұстады.

“Тергеу барысында сол күні кешке ер адамдар бірге ішімдік ішкендері белгілі болды. Осы уақытта олар  сөзге келіспей қалып, арты төбелеске ұласқан. Қонақ үй иесінің басына бірнеше рет соққы берген.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігіне сәйкес денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды, оның санкциясы 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді”, – делінген хабарламада.

Semeynews.kz.

Осы айдарда

Back to top button