ШҚОҚоғамТәуелсіздікке 30 жылТОПШҚО

Полигонның жабылуынан – бейбіт атомға

Семей сынақ полигонының жабылуы әлемдік антиядролық қозғалыстың тағдырын түбегейлі өзгертті және еліміздің одан ары даму жолын анықтады, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы Семей ядролық сынақ полигонының жабылуымен тұспа-тұс келеді.

1991 жылғы 29 тамызда әскери-өнеркәсіптік кешеннің қатал қарсыластық жағдайларында Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы тағдырлы шешім қабылданды.

«Бізді бұған құрбандарды еске алу… біздің балаларымыздың бебіт өміріне қамқорлық – осы Құдай жарылқаған жердің тұрғындары міндеттейді!», – деді сол уақытта Нұрсұлтан Назарбаев.

«Ұлттық қасіреттен ұлттық мақтанышқа» дейінгі жол жеңіл болған жоқ. Бүгінде Қазақстан – әлемдік антиядролық қозғалыстың лидері болып табылады, ал ядролық сынақтардан зардап шеккен жердегі атом энергиясы бейбіт мақсатта пайдаланылуда.

Бейбіт атомды дамыту туралы жаһандық қауымдастыққа жолдауымыз әлемдік тарихта Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп атап өтілді.

Сонымен қатар, Қазақстан қуаттылығы жағынан әлемде төртінші орынға (АҚШ, РФ, Украинадан кейін) ие ядролық қарудан өз еркімен бас тартты. 1994 жылы Қазақстан атом энергиясы бойынша Халықаралық агенттікке мүше болды. 1995 жылғы мамырда ядролық қару Қазақстан аумағынан тыс шығарылды, ал зымырандық қондырғылар жойылды. Сол уақытта полигон аумағында СС-18 деп аталатын 1400 ядролық оқтұмсық орнатылған 104 құрлықаралық  баллистикалық зымыран орналасты. Аэродромдарда 40 бомбалаушы ТУ-95 МС ұшағында 370 қанатты ядролық зымыран болды. Ядролық қарудың қуаттылығы Франция, Ұлыбритания, тіпті Қытайдан да мықты еді.

1996 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарттың қатысушысы болды.

Өз заманында Семей полигоны үшін қажет деп салынған, ал содан кейін тасталып кеткен, алайда сақталып қалған Курчатов қаласы бүгіндері қайтадан ғалымдарды тартуда. Бұл жерде көлемді зерттеулер жүргізілуде.

Курчатов қаласы, бүгіндері ол жерде Ұлттық ядролық орталық орналасқан және инновациялық технологиялар назарына айналды. Дәл осы жерде ғылым өзінің тәжірибесін табады.

Шығыс өңірі антиядролық қозғалыспен, Орталық Азияны ядролық қарудан азат аймақ (2006 жыл) деп; 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялауымен тығыз байланысты.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button