ҚоғамСемейТОП

Семей тұрғыны ескі қаланың бірегей фотосуреттерін көрсетті

Зейнеткер Николай Мовчан бұрындары еш жерде жарияланбаған Семейдің ескі суреттерін көрсетті, деп хбарлайды Semeynews.kz.

Зейнеткер Николай Мовчан фотоөнермен 11 жасынан бастап айналысып келеді. Кейінірек, 1968 жылы «ФЭД» маркалы бірінші фотоаппаратын алып қаланы және табиғатты суретке түсіре бастады. Бүгіндері ол ескі қаланы бейнелейтін фотосуреттер мен негативтердің үлкен топтамасын жинады.

– Мен 1968 жылдан, яғни бірінші фотоаппаратымды алған кезден бастап суретке түсіре бастадым. Ал бұған дейін фотограф болып жұмыс істеген әкеме көмектестім. Сол уақытта аппараттар қарапайым болды. Пленкаға түсірмейтін, ал күміс эмульсиямен қапталған шыны пластинаға түсірілетін. Мен әуесқой ретінде түсірдім, – деді Николай Мовчан.

Сол жылдары қала бой көтере бастады, көптеген ескі үйлер бұзылды. Сондықтан фотограф Семейдің сол уақыттағы көріністерін түсіргісі келген.

– Мен қаланы және табиғатты фотоға түсіре бастадым, өйткені көптеген үйлердің бұзылып жатқанын түсіндім. Тарих үшін бейнелегім келді, осы үйлер ең болмағанда фотосуретте болса деп ойладым. Осы уақытта қалада көлемді құрылыстар басталды. Меніңше, «Октябрь» кинотеатры 1972 жылы бұзылды. Фотоға түсіру маған қызықты болды. Ашық аумақта оқушылар көшеттер отырғызды және осы жерде Гайдар саябағы пайда болды.  Қазір, өкінішке орай, саябақ жоқ, оның орнына мектеп және спорттық кешен салды. Сол уақытта ол жерге ағаштар отырғызып бастаған, мен оларды суретке түсіріп алдым. Ағаштар аласа болды және қасбеті жабылмады, үйді толықтай фотоға түсіру мүмкіндігі болды, – деді Николай Алексеевич.

Бүгінде фотографтың қолында ескі Семейдің көптеген фотосуреттері бар. Олардың ішінде шын мәнінде, мысалға, 1968 – 1980 жылдар аралығында бұзылуға кеткен үйлер сынды бірегей кадрлар да бар. Қазіргі уақытта Николай Алексеевич «Прииртышье» өлкетанушылар қоғамының қолдауымен, бұрын ешкім көрмеген және еш жерде жарияланбаған ескі негативтерді цифрландыруда.

Semeynews.kz

 

Осы айдарда

Back to top button