ШҚО-да Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған оқушылар арасында баскетбол біріншілігі өтті
7-11 желтоқсан аралығында Семейде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған оқушылар арасында баскетбол біріншілігі өтті, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Баскетбол біріншілігі “олимпиада жүйесі” арқылы өтті. Қарапайым айтқанда, жеңілген команда ойыннан шығады, ал жеңген команда ары қарай күш сынасады.
Бас жүлде үшін 2004 жылы дүниеге келген және одан төмен жастағы қыздар күш сынасты. Сонымен қатар, мастер-класс ретінде Семей қаласының ардагерлер командасы өнер көрсетті. Жарыс тартысты өтті, жас баскетболшылар ардагерлерлдің ойындарын тамашалады.
Кеше жарыстың финалдық ойындары өтіп, тартысты бәсекеде келесі командалар жеңімпаз танылды:
Tрлер командасы арасында –
ІІІ орын – 37 мектеп,
ІІ орын – 1 мектеп,
І орын – 37 гимназия.
Қыз балалар арасындағы командалық есепте:
ІІІ орын – 47 мектеп,
ІІ орын – 11 мектеп,
І орын – 1 мектеп.
Жарыс жеңімпаздары медальдармен, кубокпен және мақтау қағаздарымен марапатталды. Жеңімпаз командалардың бапкерлеріне ALTAY Sport Club атынан алғыс хаттар табысталды.
Semeynews.kz