Мемлекет басшысы бұқаралық және балалар спорт түрлерімен айналысу үшін жағдай жасау қажеттігін, мұның өзі ұлтты сауықтыруға, сондай-ақ, әлемдік аренада елеулі табыстарға қол жеткізуге мүмкіндік беретіні жайлы айтқан болатын.
Осы мақсатта ШҚО-да спорттық инфрақұрылымды кеңейтуді жалғасуда. Өткен жылы 6 ірі жаңа спорт нысаны пайдалануға берілді: 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешені және 2 бассейн. Биыл тағы да 14 спорт нысанының құрылысы жүргізілуде. Атап айтқанда, үстел теннисі орталығы, 11 дене шынықтыру-сауықтыру кешені және 2 спорт модулі.
2023-2025 жылдар аралығында 10 спорт нысанының құрылысы жоспарлануда: Тарбағатай ауданының Тұғыл ауылында және Үржар ауданының Үржар ауылында – дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Аягөз қаласы және Көкпекті ауылында – бассейн, Тарбағатай ауданының Көкжыра ауылында, Ұлан ауданының Айыртау ауылында, Үржар ауданының Таскескен ауылында, Күршім ауданының Боран ауылында, Зайсан ауданының Айнабұлақ және Дайыр ауылдарында – спорттық модульдер.
Сонымен қатар, спортта жоғары жетістіктерге жету мақсатында келесі жылдан бастап халықаралық деңгейдегі спорт консультанттарын тарта отырып, спорттың басым түрлері бойынша облыстың жаттықтырушыларын оқыту жоспарлануда.
Semeynews.kz